✨Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қоры Халықаралық PriceWaterhouseCoopers аудиторлық компаниясы дауыс берудің 2 кезеңінің қорытындысы бойынша қазылықтың ашық әрі әділ өтуін бағалауға бағытталған келісімді процедураларды атқарғанын хабарлайды. Осы жолмен 2021 жылы Қазақстанның атынан «Әлем мұғалімі» Жаһандық сыйлығына номинацияланатын 10 үздік мұғалімдер анықталды.
✨Финалға қатысушылардың есімдері және Әлия Нұрсұлтанқызы тағайындаған 4 миллион тенге көлеміндегі қаржылай жүлдеге ие болатын «Қазақстан мұғалімі 2020» Ұлттық Сыйлығы жеңімпазының есімі Салтанатты марапаттау рәсімінде жарияланатын болады!
▶️Марапаттау рәсімінің онлайн көрсетілімі 26 қараша 2020 жылы сағат 16:00-де келесі платформаларда өтеді:
📍YouTube, National Teacher Prize Kazakhstan каналында
📍Facebook
📍www.teacherprize.kz сайтында
🔥Осы жылғы Сыйлықтың
Басты оқиғасын өткізіп алма!
🇰🇿 Біздің миссиямыз - Қазақстан педагогы мәртебесін ортақ күш салу арқылы көтеру!
Қазақстанда алғаш рет «Үздік мұғалім» конкурсының ашықтығын
PricewaterhouseCoopers қамтамасыз етеді. PwC ұқсас жобаларды ұйымдастыруда жоғары пікірлер мен ұсыныстары бар халықаралық тәжірибеге ие. Бұдан басқа, PwC 2015 жылдан қазіргі уақытқа дейін Жаһандық мұғалімдер сыйлығы жеңімпаздарын іріктеу үдерісіне аудит, бағалау және тестілеуге қатысады.Біздің бірлескен жұмысымыз елдегі ең бірегей және лайықты мұғалімдерді анықтауда табысқа жетудің кілті болады деп сенеміз және іріктеуде айқын, адал және адамгершілік көзқарасты қамтамасыз етеміз.
Келісім хатынан
Общественный деятель
Учредитель ЧФ «Фонд развития общественно значимых инициатив»
Председатель президиума ассоциации экологических организаций Казахстана
Председатель Фонд Развития Общественно Значимых Инициатив
Председатель правления Общественного фонда «Фонд «Жандану Әлемі»
Обладатель Гран-при "Учитель года Казахстана - 2000"
2021 жылы өтетін Дүниежүзілік Білім және дағды форумына «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығының жеңімпазы қатыса алады.
Сыйлыққа меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, педагогикалық қызметте жоғары жетістіктері бар бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері қатыса алады.
«Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығына қатысу үшін іріктеу талаптарымен сайттағы Бағалау критерийлері бөлімінде таныса аласыз.
Иә, әрине, сыйлыққа кез келген өңірдегі мұғалімдер қатыса алады.